Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

ҚЫЗЫЛЖАР ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Қызылжар жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Басшылық

Мектеп директоры

Жамбекова Алтын Мусатаевна

Заңды мәліметтер

БСН (Бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

970640002830

Негізгі қызметі (ЭҚЖЖ)

85310: Негізгі және жалпы орта білім беру

Мекенжай ақпараты

Заңды және нақты мекенжай

100507 Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Қызылжар кенті, Байдаулетов көшесі 1 ғимарат.

Елді мекеннің атауы

Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Қызылжар кенті.

Ұйым материалдары

Табылмады

Білім күні

1- қыркүйек күні Қызылжар ЖББ мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар мен қонақтар қатысты.

Салтанатты жиында алғашқы қоңырау сыңғыры естіліп, 1-сынып оқушылары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Ұстаздар жас буынға ізгі тілектерін білдіріп, алдағы оқу жылында табысты болуға шақырды.Шара барысында оқушылар өнер көрсетіп, патриоттық әндер шырқалды. Жиналғандар білімнің ел болашағы үшін маңызын атап өтіп, жас ұрпаққа сәттілік тіледі.

Жаңа оқу жылы Қызылжар ЖББ мектебінің барша шәкірттері үшін қуаныш пен үмітке толы бастау болмақ. 

Қызылжар ЖББ мектебінде АӘжТД пәні мұғалімі Сақабай Дархан Дүйсенбайұлының ұймыдастыруымен 10-11 сынып ер балаларының қатысуымен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025жылғы 25шілдедегі №05-1-05-4/4969-И хатына сәйкес, 2025 жылғы күзгі шақыру науқанын тиімді дайындау және өткізу мақсатында “Күзгі шақыру” науқаны бойынша Ерлік сабағы өткізілді.

16.04.2026 жыл                        Педагогикалық этика – ұстаздың кәсіби мәдениетінің айнасы. Әр мұғалімнің сөзі, іс-әрекеті, оқушыға деген қарым-қатынасы оның адамгершілік деңгейін көрсетеді.
Ұстаз үшін ең басты қағидалар – әділдік, сыйластық, жауапкершілік және мейірімділік. Оқушының тұлғасын құрметтеу, оның пікірін тыңдау және қолдау көрсету – сапалы білім берудің негізі.
Этиканы сақтайтын педагог – тек білім беруші емес, сонымен қатар тәрбиеші, бағыт беруші тұлға. Сондықтан әрбір ұстаз өз ісінде адалдық пен парасаттылықты басты орынға қоюы тиіс. Отырыс барысында осы тақырып кеңінен талқыланды

19.02.2026 жыл

Бүгін мектебімізде педагогикалық этика тақырыбында мазмұнды жиын өтті. Жиын барысында ұстаздар кәсіби әдеп, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәдениеті, сондай-ақ әріптестік сыйластық мәселелерін талқылады.

Педагогикалық этика – сапалы білім мен саналы тәрбиенің негізі. Әр ұстаз өз ісінде әділдік пен жауапкершілікті басты қағида ретінде ұстануы қажет.

Осындай кездесулер педагогтардың тәжірибе алмасуына, өзара пікір бөлісуіне және кәсіби дамуына үлкен мүмкіндік береді.

Жаңаарқа ауданы «Қызылжар ЖЖБМ» КММ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының соңғы қоңырау мен қорытынды аттестаттау кезеңіне байланысты келесі маңызды талаптарды хабарлайды:

❌ Мұғалімдерге сыйлық ұсынуға және қаражат жинауға тыйым салынады;
❌ Аниматорлар мен түрлі мерекелік агенттіктерді тартуға рұқсат етілмейді;
❌ Мектеп қажеттіліктеріне ақша жинау заңсыз болып табылады;
❌ Автокөлік кортеждерін ұйымдастыруға және ойын-сауық орындарына баруға болмайды;
❌ Мерекелік дастархан, банкет өткізуге тыйым салынады.

👔 Оқушылар мектеп формасын сақтап, қоғамдық тәртіпті ұстануы тиіс.
📌 Бұл талаптар 4 және 9,11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары үшін міндетті.
📍 Аталған шектеулер әділдік қағидаларын сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында енгізілген.
📍 Құрметті ата-аналар! Ережелерді сақтап, балалардың қауіпсіздігі үшін бірлесе жауапкершілік танытайық.
Құрметпен, мектеп директоры Каденова Г.О

ВНИМАНИЮ РОДИТЕЛЕЙ! 📢
КГУ «Кызылжарская общеобразовательная школа» отдела образования Жанааркинского района управления образования области Ұлытау информирует о требованиях, действующих в период проведения последнего звонка и итоговой аттестации в 2025–2026 учебном году:
❌ Дарение подарков педагогам и сбор денежных средств запрещены;
❌ Привлечение аниматоров и праздничных агентств не допускается;
❌ Сбор средств на нужды школы запрещён;
❌ Запрещается организация автопробегов и посещение развлекательных заведений;
❌ Проведение банкетов и праздничных застолий не разрешается.

👔 Учащиеся обязаны соблюдать школьную форму и дисциплину.
📌 Требования распространяются на учащихся 4 и 9,11 классов, а также их родителей.
📍 Ограничения введены для обеспечения безопасности, справедливости и профилактики коррупционных проявлений.
📍 Уважаемые родители! Просим соблюдать данные правила и совместно обеспечивать безопасность детей.
С уважением , директор школы Каденова Г.О